Гбайя (өз атауы: байя, манжа, мбакка, нгбакна) — Орталық Африка Республикасының батысында (Банги қаласының шетіне дейін), Камерунның шығысында және Конго Республикасының солтүстігінде қоныстанған халық. Жалпы саны 1050 мың адам. Негізгі қоныстанған елдері: Орталық Африка Республикасы - 760 мың адам, Камерун - 150 мың адам, Конго Республикасы - 10 000 адам. Келесі этнографиялық топтарға бөлінеді: богото, бианди, були, т.б. Банда мен нгбандиге жақын.

Тілі Тілі - гбайя тілі.

Діні Сенушілердің діни байланысы: дәстүрлі нанымдар, бір бөлігі - христиандар.

Кәсібі Дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатыне егіншілік (маниок, құмай, жержаңғақ, фонио, жүгері, мақта) және мал шаруашылығы (ірі қара және ұсақ мал). Қолөнерден - ағаштан ою, қыш бұйымдар жасау, қоржын, төсеніш, сөмке, т.б. жасау.

Өмір салты Әлеуметтік ұйымның негізін көсемдер басқаратын рулар мен көпбалалы қауымдар құрайды. Неке вирилокальды. Ата-бабалар культі мен табиғат күштері, музыкалық-би фольклоры кең таралған.

Елді мекендері өзендердің бойында орналасқан. Тұрғын үйлері – қабырғалары сабан аралас саздан, кейде тоқылған және саз балшықпен сыланған, төбесі аласа сабанмен жабылған дөңгелек лашық тәрізді.

Дәстүрлі киімдері - жамбасты жауып тұратын мата кесіндісі.

Негізгі тағамдары – жарма, бәліш, көкөніс, банан, сүт, балық.

Дереккөздер

Санат:Орталық Африка Республикасы халықтары Санат:Камерун халықтары Санат:Конго Республикасы халықтары