Сливное – Обаған алабындағы ағынды көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Жаңасу ауылының оңтүстік-шығысында 7 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 95 м биіктікте жатыр. Аумағы 5,8 км2, ұзындығы 5,7 км, енді жері 1,7 км, жағалау бойының ұзындығы 14,4 км. Көлемі əр жылдары өзеннің құюына байланысты болып отырады. Жағасы тегіс, түбі аздап лайлы, қамыс, құрақ өседі. Жерасты, жауын-шашын суларымен толысады. Қараша айының аяғында суы қатып, сəуірде ериді. Суы тұщы. Алабы шабындық. Мал суаруға пайдаланылады. Солтүстігінде Алтыбай, оңтүстігінде Ақсуат көлмен Обаған өзені арқылы байланысып жатыр.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Алтынсарин ауданы көлдері