Асықата ауданы — 1940-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) облысының құрамында болған әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Асықата кенті.
Тарихы Киров ауданы Мырзашөл өңірін игеру мақсатында 1940 жылы 29 шілдеде Қазақ КСР-інің Оңтүстік Қазақстан облысы құрамында құрылды. Аудан орталығы Бағара ауылы болып, Мақтаарал және Қызылқұм ауданы жерлерінің бір бөлігі енді.
1944 жылы 8 мамырда Амангелді, Калинин ауылдық кеңестері мен Ильич кенттік кеңесі Ильич ауданына берілді.
1951 жылғы мәлімет бойынша ауданда 4 ауылдық кеңес болды: Жамбыл, Интернационал, Киров, Фрунзе.
1951 жылы Жаңадала, Андреев ауылдық кеңестері құрылды.
1952 жылы Октябрь ауылдық кеңесі құрылды.
1956 жылы 27 сәуірде Киров ауданына таратылған Қызылқұм ауданы қосылды. 1956 жылы 27 тамызда Жаңадала ауылдық кеңесі Октябрь ауылдық кеңесіне қосылды.
1957 жылы Шардара ауылдық кеңесі құрылды. Фрунзе ауылдық кеңесі Интернационал ауылдық кеңесіне, Киров ауылдық кеңесі Жамбыл ауылдық кеңесіне қосылды. Интернационал ауылдық кеңесі Киров ауылдық кеңесі болып өзгертілді.
1959 жылы аудан құрамында 9 ауылдық кеңес болды: Абай, Жамбыл, Жаңа Шардара, Қызылқұм, Киров, Мақталы, Октябрь, Шардара, Шымқорған.
1962 жылы 9 шілдеде аудан орталығы Кировское болып өзгертілді.
1963 жылы 26 қаңтарда Киров ауданы Өзбек КСР-інің Сырдария облысына берілді.
1971 жылы 28 маусымда Киров ауданы Шымкент облысына қайтарылды.
1986 жылғы мәлімет бойынша ауданда 1 кенттік кеңес (Киров) және 8 ауылдық кеңес (Абай, Жамбыл, Қоғалы, Куйбышев, Мақталы, Октябрь, Первомай, Победа) болған.Қазақ КСР. 1986 жылғы 1 қаңтарға әкімшілік-аумақтық бөлінісі
1996 жылы 9 қазанда Киров ауданы Асықата ауданы болып қайта аталды.Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Киров ауданының атын өзгерту туралы
1997 жылы 24 сәуірде Асықата ауданы таратылып, аумағы Мақтаарал ауданына берілді.Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының кейбiр мәселелерi туралы
Халқы 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 49536 48637 53437 61233
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның 1997 жылы таратылған аудандары