Расул Қыдырәлиұлы Көшербаев (; 12 қаңтар 1987, Жаңажол ауданы, Ташкент облысы) — өзбекстандық саясаткер, редактор және журналис, Олий Мәжілісі Заң шығару палатасының бұрынғы депутаты.

Өмірбаяны Шанышқылы тайпасы Қарақалпақ руынан шыққан.

1987 жылы 12 қаңтарда Жаңажол ауданы, Қушяғоч ауылында қазақ отбасында дүниеге келген. Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университетін халықаралық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы Либерал-демократиялық партиясының Ташкент облыстық әкімшілігінің жастар бөлімінің меңгерушісі болып бастаған.

2012-2014 жылдар аралығында «Янгийол» (Жаңа жол) газетінің бас редакторы қызметін атқарған. Өзбекстан либералдық-демократиялық партиясының мүшесі.

2014 жылдан Өзбекстан парламентінің төменгі палатасының депутаты. 2020 жылға дейін Инновация, ақпараттық саясат және АКТ-ны дамыту комитетінің мүшесі болды.https://web.archive.org/web/20180918193742/http://lex.uz/docs/2616234?lact_id=2616234&version=print 2020 жылдың қаңтар айынан бастап Олий Мәжлістің Заң шығару палатасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сот-құқықтық мәселелер жөніндегі комитетінің мүшесі.

Ол ашықтықты, сөз бостандығын, соттардың тәуелсіздігін, жеке меншікке қол сұғылмаушылықты және т.б. қамтамасыз етудің белсенді жақтаушысы. Ол сондай-ақ еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін ырықтандыру мен нарықтық тетіктерді енгізуді жақтаушы.

Соңғы жылдары ол бұқаралық ақпарат құралдарында университеттерде студенттермен оқу келісім-шарттарын қысқарту, жеке тұлғаларға монополияны жоюhttps://podrobno.uz/cat/obchestvo/deputaty-predlozhili/, халықтың орта және төменгі топтарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, соттардың тәуелсіздігі және т.б.

2022 жыл 23 желтоқсан күні Расул Көшербаев депутаттық қызметін аяқтауын айттыRasul Kusherbayev deputatlik faoliyatini yakunlamoqda және 26 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы Олий Мәжліс заң шығару палатасының депутаты Расул Көшербаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені қарады. Комиссия мүшелері оның өкілеттігін тоқтатуды бірауыздан қолдады.Deputat Rasul Kusherbayevning vakolati rasman tugatildi (kun.uz)

2023 жылдың 1 ақпанынан бастап Өзбекстан Республикасы Табиғи ресурстар министрлігінде министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.https://kun.uz/uz/news/2023/02/01/rasul-kusherbayev-tabiat-resurslari-vazirining-maslahatchisi-lavozimiga-tayinlandi

2023 жыл 31 шілде ӨзЛиДеп партия мүшелігінен шықты.

Дереккөздер

Санат:Өзбекстан саясаткерлері Санат:Өзбекстан қазақтары