Билли Джин Кинг (1943 жылы 11 қарашада туған) — америкалық кәсіпқой теннисші.

1966, 1967, 1968 және 1972 жылдары әлемнің бірінші ракеткасы болды. 39 Үлкен дулыға турнирінің жеңімпазы (12-сі жеке сайыстарда, 16-ы жұп сайыстарда, 11-і миксте).

Федерация кубогының 7 мәрте иегері. Бұл кубоктың өзі 2020 жылы оның құрметіне Билли Джин Кинг кубогы деп атала бастады.

Әйелдердің теннис ассоциациясының негізін қалауға қатысқан адам. Ол womenSports журналын және бірнеше қайырымдылық қорды құрған.

1973 жылы Жыныстар шайқасы деп аталып кеткен әйгілі жарысқа қатысып, 55 жасар Бобби Риггсті жеңді, өзі 29-да болған.

Марапаттары 1967 және 1973 жылдары Associated Press оны үздік спортсмен әйел деп таныды. 1975 жылы Time журналы оны және тағы 11 әйелді «Америкалық әйел» деген номинациямен жыл адамы деп таныды.Women of the year: Great Changes, New Chances, Tough Choices 1987 жылы оның есімі Халықаралық теннис даңқ залына енгізілді.Hall of Famers: Billie Jean Moffitt King 1990 жылы Life журналы оны «XX ғасырдың 100 атақты америкалық адамы» тізіміне кіргізді. 2003 жылы Халықаралық теннис федерациясы оған Филипп Шатрие сыйлығын берді. 2006 жылы оның есімі Калифорнияның даңқ залына енгізілді. 2009 жылы Барак Обама оған Президенттік Азаттық медалін табыстады.President Obama Names Medal of Freedom Recipients 2022 жылы Эммануэль Макрон оған Құрметті легион орденін табыстады.Billie Jean King awarded France's Legion of Honour нобай|солға|200px|1966 жылдың Федерация кубогы жеңімпаздары К. Гребнер, Дж. Хелдмэн және Б. Дж. Кинг Мәдениетке ықпалы Теннисшінің досы Элтон Джон 1974 жылы оған арнап Philadelphia Freedom әнін жазды.

2001 жылы ABC арнасында Билли Боббині қалай жеңді телефильмі шықты.

2017 жылы Жыныстар шайқасы фильмі шықты, бас рөлді Эмма Стоун сомдады.

Дереккөздер

Санат:АҚШ теннисшілері Санат:Тайм журналы нұсқасы бойынша Жыл адамдары Санат:Азаттық президенттік медалінің иегерлері