Салах ад-Дин Юсуф ибн Аюб (; Күрдше: سەلاحەدین ئەیوبی; ; c. 1137 - 4 Наурыз, 1193) – Мысыр мен Сирия (1171-93) Сұлтаны болған күрд мұсылманы. Үшінші крест жорығына қарсы мұсылмандарды басқарған. Билігінің шарықтау кезінде өзі негізін қалаған Аюбид династиясы Мысыр, Сирия, Ирак, Хиджаз және Йеменді билеген. Ол крест ұстаушыларға мұсылмандар қарсылығын бастап, ақырында Иерусалим крест ұстаушылар патшалығы құрсауынан Палестина бөлігін босатады. Сол себептен де, ол Араб әлемінде, Мұсылмандар, Күрдтер үшін де танымал ірі тұлға. Салах ад-Дин қатаң түрде Суни Исламды ұстанған. Ол ешқашан жеңілген жауларын жәбірлеп, өлтіріп немесе қинаған емес, Хаттин соғысынан кейінгі кейбір оқиғаларды ескермегенде. Оның жалпы батырлық, сонымен қатар мейірбандық (chivalrous) қасиеттері Християндық тарихшылар да, әсіресе Моабтағы Керакты қоршауға алғанда, атап көрсетеді. thumb|left|200px|Салах ад-Дин, Мысыр Патшасы - 15-ші ғасыр қолжазба бетінен; сол қолында Еуропалық билік белгісі.
Салах әд-Дин Айюб әулетінің негізін қалаушы. Сирия сұлтанының Нұр әд-диннің әскер басыларының бірі - Айюб ибн Шадидың баласы. 1164, 1167, 1168 ж. Нұр әд-Диннің әскері қатарында Мысырды бағындырды және крест жорықтарына қарсы күресті. 1169 ж. Мысырдағы халифтің уәзірі болып тағайындалды. 1171 ж. Фатима әулетінен шыққан соңғы халиф Адид өлгеннен кейін, Египеттегі өкімет билігін басып алып, өзін сұлтан деп жариялады. 1174 ж. Нұр әд-Дин өлгеннен кейін, оның Сириядағы иеліктерін және оған шектес Ирак билеушілерінің ұсақ иеліктерін өзіне бағындырды. 1187 ж. С .әд-Д бастаған біріккен мұсылман әскерлері Хиттин түбінде кресшілерді талқандап, Иерусалимді алды.1189 жылдың қарсаңында Сирия мен Палестина кресшілерден толық азат етілді. С. Әд-Д. 3-крест жорықтары кезінде (1189-92) мұсылмандар әскерін басқарды. Ол кресшілерді күйрете талқандаған алғашқы мұсылман қолбасшысы болды. Осыдан кейін кресшілер Таяу Шығыстағы иеліктерінен біртіңдеп айырыла бастады. С.әд-Д-нің ішкі саясаты Мысырдағы жер иеліктерді бөліп беруге, медреселер салуға, алым-салықты азайтуға бағытталды. "Қазақстан". Ұлттық энциклопедиясы 6-том
Салах әд-Дин сұлтанның өмір жолының тарихи тізбесі 1138- Месопотамия жеріндегі Тикрит елді мекенінде дүниеге келді. 1164, 1167-1168 -Египетті жаулап алу жорықтарына қатысты. Крест жорықтарына қарсы күресті. 1169- Египет халифінің уәзірі болып тағайындалды. 1171- Египеттегі Фатимидтер халифатын бағындырып, Айюбидтер әулетінің негізін салды. 1174- Аббасид халифасы әл-Мұстади Салах әд-Динге сұлтан лауазымын берді. Салах әд-Диннің Дамаскіні жаулап алуы. 1182- Халебті бағындырды. 1186- ЖАзираны алды. 1187- Қайруанды толықтай бағындырды. 1187- Хиттин түбінде крестшілерді талқандап, Иерусалимді алды. 1188-1189- Салах әд-Диннің басқаруымен Сирия мен Палестина крестшілерден толық азат етілді. 1189-1192- Үшінші Крест жорығына қарсы мұсылмандар әсерін басқарды. 1192- Ағылшын Королі Арыстан жүректі 1 Ричард Салах әд-Диннен жеңілгенін мойындап, Рамлада бейбіт бітімге келеді. 1193- Сирияда Дамаск қаласында дүниеден өтеді.
Тағы қараңыз Тәңір хандығы
Қайнар көздер
Сыртқы сілтемелер THE LIFE OF SALADIN AND THE FALL OF THE KINGDOM OF JERUSALEM (By Stanley Lane-Poole) In "btm" format Richard and Saladin: Warriors of the Third Crusade Rosebault Ch.J. Saladin. Prince of Chivalri De expugnatione terrae sanctae per Saladinum A European account of Saladin's conquests of the Crusader states. Saladin: The Sultan and His Times, 1138–1193
Дереккөздер
Санат:1137 жылы туғандар Санат:1193 жылы қайтыс болғандар Санат:Қолбасшылар Санат:Күрдтер Санат:Мысыр сұлтандары Санат:Сирия билеушілері