Вячеслав Қаменұлы Ғиззатов (9 сәуір 1942, Батыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР — 29 қыркүйек 2021) — қазақстандық мемлекет қайраткері, дипломат.

Өмірбаяны 1964 жылы Сарытау заң институтын құқықтанушы-заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1967-1970 жылдары — КСРО СІМ жоғарғы дипломатиялық мектебінде оқыды.

1970 жылдың тамызынан бастап — КСРО СІМ үшінші хатшысы болды.

1971 жылдан бастап — Қытайдағы КСРО елшілігінің екінші хатшысы болды.

1974 жылдың желтоқсанынан бастап — КСРО Ғылым академиясы Қиыр Шығыс институтының аға ғылыми қызметкері.

1978-1985 жылдары — Финляндия мен Лаостағы КСРО елшіліктерінде жұмыс істеді.

1985 жылдан бастап — КСРО СІМ бірінші хатшысы, кейін КСРО СІМ, РФ СІМ кеңесшісі.

1992 жылдың мамырынан бастап — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, ҚР СІМ Еуропа және Америка елдері бөлімінің бастығы.

1993 жылғы тамыздан 1996 жылға дейін — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

1996 жылдың қарашасынан 2000 жылға дейін — Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы елшісі болды.

2000 жылдың тамызынан 2003 жылдың қазанына дейін — Қазақстан Республикасының ГФР елшісі болды.

2004 жылдың қаңтарынан 2005 жылдың шілдесіне дейін — Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы елшісі болды.

2006 жылдың сәуірінен — ҚР СІМ мемлекеттік шекараны белгілеу департаментінің бастығы.

2009 жылдың қаңтарынан — Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ағымдағы төрағасының мұсылмандарға қарсы төзімсіздік пен кемсітушілікке қарсы күрес жөніндегі жеке өкілі.

Қосымша Әскери атағы – запастағы полковник.

Қазақ, орыс, қытай, ағылшын тілдерін білген.

Марапаттары «Ерен еңбегі үшін» медалі «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016)

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстанның Ирандағы елшілері Санат:Қазақстанның Германиядағы елшілері Санат:Қазақстанның Түрікменстандағы елшілері Санат:Батыс Қазақстан облысында туғандар