Керегетас – Сауыр жотасының оңтүстік-батыс сілемдері Жүрек және Шағаноба тауларының аралығындағы асу.
Географиялық орны Қазақстан (Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы) мен Қытай шекарасы аралығында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2011 м. Асу орта палеозойлық құмтастардан, алевролиттерден, конгломераттардан, базальт құрамды жыныстардан түзілген. Орталық белдеуі орманды, ал ең жоғары шегінде альпілік шалғынды жазықпен ұласады. мамыр – қараша айларында салт атты адам өте алады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Шығыс Қазақстан облысы асулары Санат:Қытай асулары