Грег Эбботт (), толық аты-жөні Грегори Уэйн Эбботт (, 13 қараша, 1957 жыл, Вичита-Фоллс, Техас ) — американдық заңгер және саясаткер, Техастың 2015 жылдың 20 қаңтарынан бері 48-губернаторы.

Өмірбаяны Грег Эббот 1957 жылы 13 қарашада АҚШ-тың Техас штатындағы Вичита-Фоллс қаласында дүниеге келген. Ол 1981 жылы Остиндегі Техас университетінде бакалавр дәрежесін (BBA) алды, ал доктор дәрежесін (J.D.) 1984 жылы Вандербильт университетінің заң мектебінде алды.

Заңгер, кейін заң ғылымдарының профессоры, 1993-1995 жылдары аудандық соттың судьясы қызметін атқарды. 1995 жылдан 2001 жылға дейін Техас Жоғарғы сотының төрешісі болды (алдымен тағайындалды, содан кейін сайланды). 2002 жылдың желтоқсанынан 2015 жылдың қаңтарына дейін ол Техастың бас прокуроры болды.

2014 жылдың қарашасында Республикалық партиядан үміткер ретінде ол Техас губернаторын сайлауға қатысып, Демократиялық партияның өкілі Уэнди Дэвисты сенімді түрде жеңді (Эббот 59,3% дауыс жинады, ал Дэвис – 38,9% ). Эббот 2015 жылдың 20 қаңтарында Рик Перридің орнына губернатор атанды.

2018 жылдың қараша айында өткен губернатор сайлауында Эбботт Демократиялық партияның кандидаты Люпе Вальдесті жеңді (Эббот 55,8% дауыс жинады, ал Вальдес – 42,5% дауыс жинады ). Төрт жылдан кейін, 2022 жылдың қарашасында Эбботт Демократиялық партияның кандидатын бұл жолы Бето О'Руркты тағы да жеңді, (Эббот 56,5% дауыс жинады, ал О'Рурк - 43,6%).

Дереккөздер

Сілтемелер Грег Эбботсайтында мұрағатталған,

Санат:Техас губернаторлары