Тогутил — Индонезияда тұратын жалпы саны 1 мың адам болатын ұлт. Халмахера аралында тұрады. Олар Солтүстік Халмахер халықтарының қатарына жатады, 3-10 отбасынан тұратын шашыраңқы көшпелі аумақтық топтарға бөлінеді, ең үлкені (кусури) Солтүстік Халмахера түбегінің орталығында.
Тілі Тілі - тобело тілі.
Діні Дінге сенушілердің діни байланысы: дәстүрлі нанымдар, христиандар (реформаттар).
Кәсібі Дәстүрлі өмір салты көшіп жүреді. Негізгі кәсібі ірі аңдарды (бұғы, жабайы қабандар) жеке, итпен аулау. Негізгі қару – садақ, найза. 1920 жылдардан бастап бірте-бірте отырықшы өмір салтына көшті және тропикалық қолмен атқарылатын егіншілікпен, саго өндірумен айналысады.
Тұрмыс салты нобай|оңға|200px|Тогитул ауылы Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Елді мекендері өзендердің төменгі ағысында, ормандардың маңында және көлдердің жағасында шашыраңқы орналасқан. Көшпелі халық болғандықтан олар бір мекеннен екінші мекенге көшуді жеңілдету үшін үйлерін негізінен жапырақтар мен бұтақтардан салады.
Дәстүрлі киімдері Ерлер де, әйелдер де денені орайтын мата киеді, кейде матаны беліне байланған әйелдерді кездестіруге болады. Балалар жалаңаш жүреді.
Дереккөздер
Санат:Индонезия этникалық топтары