Теңгерлер (өз атауы - тенггерлер, уонг тенггер) — Индонезияда Ява аралының шығысындағы Теңгер тауларында тұратын ұлт. Саны 100 мың адам. (2016 ж.).
Тілі Тілінде ескі яван лексикасы сақталған.
Діні Теңгерлер діні бойынша – буддизм элементтері мен анимистік наным-сенімдері бар индуистар. Теңгерлер XV—XVI ғасырларда явандықтардың ислам дінін қабылдауына байланысты явандардан бөлініп шыққан индуизмді сақтап қалған топтың ұрпақтары.
Кәсібі Теңгерлер – қолмен атқарылатын егіншілікпен айналысады. Негізгі дақылдар көкөністер, азық-түлік дақылдары жүгері, таро және мал шаруашылығы. Дәстүрлі қолөнер - металл және ағаш өңдеу, керамика, тоқу, тоқымашылық.
Тұрмыс салты Теңгерлер ауылдық қауымдастықтарда тұрады. Шаруашылықтары ортақ үлкен отбасылар сақталған. Жыл сайын «Тенггерлер елінің» символдық орталығы – Бромо кратерінде от құдайы Баторо Бромға құрбандық шалады.
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Ауылдары сызықты тау беткейлерінде орналасқан. Тұрғын үйлері қаңқа-бағаналы, төртбұрышты жер үйлер.
Дәстүрлі киімдері Дәстүрлі киім-кешек пен тұрмыстары Явандықтарға жақын, еуропалық костюмдер таралуда.
Дереккөздер
Санат:Индонезия этникалық топтары