Ащысу – Мойынты өзені алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерімен ағады.
Бастауы Қапал (963 м), Өзенжал, Үшқызыл (955 м) таулары беткейлерінен басталатын бұлақтар суының қосылуынан құралып, Киікті ауылының оңтүстігінде Мойынты өзеніне құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 28 км. Жағасы жоғарғы ағысында тік жарлы, төменгі ағысында жайпақ келеді. Қар және жер асты суларымен толығады. Сәуірде тасиды, жаздың ыстық айларында қарасуларға бөлініп қалады. Мал суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы өзендері Санат:Балқаш су алабы