Сасактар — Индонезиядағы халық, Ломбок аралының орталық және шығыс бөліктерін мекендейді. Саны шамамен 3 миллион адам (2015).
Тілі Олар австронезиялық отбасының батыс австронезия тобының сасак тілінде сөйлейді. Диалектілер: Сасак және Леконг.
Діні Діні – ислам, көпшілігі сүнниттік мұсылмандар, бір бөлігі – индуистар. Оқшауланған жерлерде олар дәстүрлі нанымдарды сақтайды.
Тарихы Сасактар XV-XVII ғасырдың ортасында Сумбава аралында билеушілерге (макассарларға) вассал болса, кейін XVII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың ортасына дейін Бали аралының билеушілеріне тәуелді болды. Сонымен бірге сасактардың өміріне Бали мәдениетінің кейбір ерекшеліктері енді. Ломбокты 1894 жылы Нидерланды басып алды. Сасактар Голландия билігіне қарсы бірнеше рет наразылық білдірді.
Кәсібі Дәстүрлі кәсіптері – суармалы, террассалы егіншілік (күріш, көкөніс, жеміс-жидек, кокос пальмасы). Буйвол, ит өсіру, аңшылық, жағалауда балық аулау, терушілікпен айналысады. Қолөнерден – ыдыс-аяқ заттарын тоқу (әйелдер), тор тоқу, төсеніштер, ағаш ұстасы, ағаш ою (ерлер).
Тұрмыс салты Ауыл қауымдастығы сақталған, капиталистік қатынастар дамуда. Отбасы шағын, неке патрилокальды, туыстық есеп патрилинейлік. нобай|оңға|200px|Сасак балалары Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Ауылдары түзу орналасқан. Үйлері жер үсті, төртбұрышты, қаңқалы.
Дәстүрлі киімдері Киімі – каин.
Дәстүрлі тағамдары Азық-түлік негізінен өсімдікке тектес тағамдар.
Дереккөздер
Санат:Индонезия этникалық топтары