Бадам — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, бұрынғы Бадам ауылдық округі орталығы. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген.Жекелеген елдi мекендерді есептi деректерден шығару туралы Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Әл-Фараби, Еңбекші аудандарындағы тұрғын үй массиві.
Географиялық орны Аудан орталығы – Ақсукенттен оңтүстік-батысқа қарай 30 км жерде, Бадам өзенінің оң жағалауында.
Халқы Тұрғыны; 4,0 мың адам (2003); 3,3 мың адам (2009).
Тарихы 1958 жылы «Бадам» мал бордақылау шаруашылығы құрылып, 1963 жылы мал бордақылау бірлестігі болды. 1962 жылы облыстық Бадам орман шарушылығы құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Сайрам ауданының таратылған елді мекендері