Балдыберек – Арыс алабындағы өзен, Сайрамсу өзенінің сол жақ саласы.
Сипаттамасы Түркістан облысы Төле би ауданы жерімен ағады. Балдыберек ауылы тұсында Үлкен Балдыберек және Кіші Балдыберек өзендерінің қосылуынан басталып, Тасарық ауылы тұсында Сайрамсуға құяды. Балдыберек өте тез ағынды өзен. Өзен жылдамдығы шамамен 10 км/сағ.
Атауы Бұрынырақ таудан ағатын өзеннің жағасында ит тұмсығы өтпестей бұталар мен берек ағашы қалың болып өскен екен. Берек ағашына бал аралары балдарын жинап, ағаштың жапырақтарынан бал өзенге тамып тұрған дейді. Сондықтан өзеннің де, ауылдың да аты Балдыберек аталған. Өзенде бағасы құнды, табиғатта сирек кездесетін, аты қызыл кітапқа енген, ең дәмді жалғыз бақтақ балығы кездеседі. Жағасында Төңкеріс, Балдыберек, Қаратөбе ауылдары орналасқан.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Төле би ауданы өзендері Санат:Сырдария су алабы