Бохтар (бұрынғы атауы — Қорған-Төбе,Қорған-Төбе — Тәжікстандағы ең қызықты қала kk.unansea.comТәжіктің Қорған-Төбе қаласында теракт ұйымдастырушы өмірлік жазаға кесілді Азаттық радиосы centralasian.org. 29.9.2017 ) — Тәжікстанның оңтүстік-батысындағы қала, Хатлон облысының әкімшілік орталығы. Бохтар — оңтүстік Тәжікстанның ең ірі қаласы.
Халқы Бохтар халық саны бойынша елдің ішінде үшінші орындағы қала. Оның халық саны шамамен 111 800 адамға тең.
Географиялық сипаттама Тәжікстанның оңтүстік-батысында, Вахш өзенінің аңғарында орналасқан. Қаланы астана Душанбеден жүз шақырым қашықтықта.
Тарихы Бохтардың құрылған уақыты туралы бірнеше нұсқа бар. Біреуіне сәйкес, қала VII ғасырда құрылған. Орта ғасырларда Ливакенд (Вахш) қаласы бүгінгі Бохтардың орнында болған. Айналасындағы аймақ Хуттал деп аталған. Жергілікті халық аймақтан тыс жерлерге де танымал қой тұқымдарын өсірген. Бұл аймақ мергендерімен танымал болған.
Вахш өзенінің жағасында X-XIII ғасырларға жататын Лағман қонысының қирандылары бар. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде құдықтар, ежелгі су құбырларының сынықтары және сақталған мұнаралары бар бекініс қабырғалары табылған. Бір кездері қоныс ежелгі Бактриядағы маңызды қала болған. Қорғантөбеден 12 шақырым жерде орналасқан Аджина-Теппе төбесінде VII-VIII ғасырларға жататын будда монастырының қирандылары сақталған. Осы жерден жатқан Будданың мүсіні табылған.
Бохтар 1992 жылдың жазында қақтығыс ошағына айналды және азамат соғысы кезінде қатты зардап шекті. Жергілікті кулябтықтар мен өзбектердің көпшілігі елден қашуға мәжбүр болды.
Экономикасы және инфрақұрылымы Трансформатор жөндеу, механика, мақта тазалағыш, кірпіш, сүт, сыра, жеміс-көкөніс консервілері, май зауыттары, нан, ет, астық өнімдерін өндіру, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаттары, "Тәжікатлас" кәсіпорны, тігін өндірістік бірлестігі жұмыс істейді.
Педагогикалық университет, энергетикалық техникум, кәсіптік оқу орындары, медициналық және педагогикалық орта арнаулы оқу орындары. 12 жалпы білім беретін және музыкалық мектеп жұмыс істейді.
Галерея
Дереккөздер
Санат:Хатлон облысы қалалары