Әмудария бөлімі (ءامۋداريا ءبولىمى; ) — Сырдария облысындағы әкімшілік бірлік. Орталығы — Петро-Александровск қаласы.

Тарихы Әмудария бөлімі 1873 жылы Ресейге өткен Хиуа хандығының жерлерінен құрылды. 1887 жылы Сырдария облысының құрамына енді.

1920 жылы қазанда Түркістан КФР Әмудария облысы болып өзгертілді.

Әкімшілік бөлінісі Бөлім 2 бөлімшеге бөлінді: Шурахан және Шымбай. Шурахан бөлімшесінде 7 болыс: Шурахан, Төрткөл, Сарыби, Шейхаббас-Уәли, Бибазар, Мыңбұлақ, Тамды болды. Болыстарының Шымбай бөлімшесінде 12 болыс: Нүкіс, Шымбай, Кегелі, Көкөзек, Бесжап, Наупыр, Есіл, Дауқар, Көккөл, Талды, Қоңырат, Жаңабазар болды.

Тұрғындары 1897 жылғы санақ бойынша бөлімде 194,5 мың адам тұрған. Соның ішінде қарақалпақтар – 47,9%; қазақтар – 24,2%; өзбектер – 17,7%; басқа түркілер – 7,1%; орыстар – 1,6%. Петро-Александровск қаласында 3111 адам тұрды.

Дереккөздер

Санат:Ресей империясының Сырдария облысы