Нүкіс ауданы (, ) — Өзбекстан, Қарақалпақстандағы әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы – Ақмаңғыт кенті.

Тарихы Аудан 1968 жылы 25 желтоқсанда құрылды.

Тұрғындары Ресми деректер бойынша 2018 жылы аудан халқының саны 54 491 адамды құрады. Ұлттық құрамы бойынша қарақалпақтар – 60,8%, қазақтар – 30%, өзбектер – 8,7%, басқа ұлт өкілдері – 0,5% құрады.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудан құрамына кіредіӘАҚБЖ Әкімшілік-аумақтық құрылымдарды белгілеу жүйесі : қалалық елді мекен Ақмаңғыт азаматтардың ауылдық жиындары Арбашы Бақаншақты Кердер Қырантау Саманбай Тақыркөл

Білім беру Ауданда 3 колледж, 33 жалпы білім беру мектебі, 1 балалар музыка және өнер мектебі, 11 балабақша, 2 ақпараттық ресурстық орталық бар.

Көрікті жерлері Хайуанқала – Кердер иелігінің орталығы. Нүкіс ауданында, Шортанбай өзенінің ескі саласының сол жағында орналасқан. Қазіргі таңда аумақты «Кердер» атты шаруа қожалығы алып жатыр.

Тоққала (Дарсан) — қалашық Тоқтаудың шағын табиғи төбеде орналасқан. Жалпы аумағы 8 гектарды құрайды. Ескерткіш 3 бөліктен – көне, ерте ортағасырлық және қорымнан тұрады.

Дереккөздер

Санат:Қарақалпақстан аудандары