Керегетас – Ерейментау тауларының солтүстік-шығыс тізбегі, ауданның шығыс бөлігінде орналасқан тау.
Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы жерінде.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 461 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 7 км-ге созылған, енді жері 2 км-ге жетеді. Пішіні дөңгелек келген аласа тау. Эрозиялық-тектоникалық әсерден беткейлері тілімденген. Солтүстік-батыс беткейінің түпкі жынысы жер бетіне шығып жатыр және тіктеу келген; оңтүстік-шығысы – көлбеу. Тау бастары бірнеше оқшау шыңдардан тұрады. Солтүстік-батыс етегінде көлдер мен сор жерлер бар.
Геологиялық құрылымы Девон тау жыныстарынан түзілген жер қыртысын қиыршықтасты-кесектасты коллювий және коллювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан.
Өсімдігі Нашар дамыған сортаңдау қызғылт қоңыр топырағында қараған, тобылғы аралас бетегелі-бозды өсімдіктер өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы таулары