Сәкен Нұрқабекұлы Көкенов – (Алматы облысы, Түрген ауылының тумасы) - филолог, аудармашы, журналист. Өмірбаяны Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетін бітірген (2003-2007). Осы факультет бойынша «Аударма магистрі» (2007-2009). Еңбек жолын 2006 жылы ҚР ІІМ қарасты «Сақшы» газетінен бастады. 2007 жылы Қазақ Радиосында журналист болып қызымет атқарып, «Шетел баспасөзіне шолу», «Біз қаншамыз» және басқа да сараптамалық бағдарламаларды жүргізді. 2008-2013 жылдары «Алаш айнасы» Республикалық қоғамдық-саяси газетінде саяси шолушы болды. Қоғамдық мәселелерге қатысты түрлі тақырыптарда мақалалар жариялады. 2013 жылдан бастап «Қазақстан» ұлттық телеарнасы «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламаларында қызмет етті. 2018 жылдан бастап Отбасы хрестоматиясы қоғамдық қорының жұмысына кірісті. Отбасы Хрестоматиясы сериясымен шыққан «Махаббаттың мәні», «Мың Сұрақ», «Экософия немесе киелі табиғат» кітаптарын жазуға және құрастыруға атсалысты. В.Франклдың «Өмірден мән іздеген жан» кітабын қазақ тіліне аударды. Отбасы хрестоматиясы сериясымен шыққан ондаған кітапқа редакторлық жасады.https://otbasy.com/s-ken-n-r-abek-ly
Сыртқы сілтемелер https://baribar.kz/139849/umyt-qalghan-qazyna-alash-qajratkerleri-audarghan-balalar-adebieti/?ysclid=l6x59685bh941911877 Дереккөздер
Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері