Қарсылықты бағыныңқы сабақтас— қарама-қарсы күрделі ойды білдіреді. Бағыныңқыларының мазмұны бір-біріне жуық болғанмен, айырмашылықтары да бар. Сонымен: Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың компоненттерінің мазмұны бір-біріне қарама-қарсы болып келеді. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы компоненті баяндауышының формасына қарай: қайтсе де? қайткенмен, не етсе де? не еткенмен? қайтпесе? не етпесе? т. б. сүрақтар қойылады. Бағыныңқысының баяндауыштары кестеде көрсеткеніміздей -са, -се формалы шартты райлы етістіктерге да, де шылауларының тіркесуі арқылы және өткен шақтық есімшенің жай, тәуелді түрлеріне көмектес, табыс септік жалғаулары жалғану арқылы, кейде да/де шылауының тіркесуі арқылы жасалады. Жазғанда бағыныңқы мен басыңқының арасына үтір қойылады. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис: Оқуға түсуші талапкерлерге, студенттерге және оқытушы мұғалімдерге арналаған..-Алматы: Атамұра, 2006.-336 бет.
Баяндауыштың формалары Мысалдар Сұрақтары -са да, -се де Дәрмен мен Мағаш, Кәктайлар өздері сүйсінген ойларын аша алмаса да, Абай айтқан жағдайларға соншалық ынтыға қызығып тыңдады (М. Әуезов) Қайтсе де? -ған/ген+-ша/ше Аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол (мақал) Қайткенше? Не еткенше? -ған/ген,-қан/кен+-мен Қыс қыстаулары басқа болғанымен де, жаз көбіне бірігіп отырады (Б. Майлин) Қайткенмен? Не еткенмен? -ма/ме, -ба/бе, -па/пе+са/се Оның құр мақтағаны болмаса, қолынан ештеме келмейді (С. Мұқанов) Қайткені (не еткені) болмаса? -а/е, -й + тұра Менің келетінімді біле тұра, кетіп қалыпты Қайте тұра? Не ете тұра?