Аязкөл () — Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан Республикасы аумағындағы ағынсыз тұзды көл. 1980 жылдардың басында Төрткөл және Елуқала аудандарындағы егістік алқаптарының опырылма суларынан пайда болғанАёзкўл // Өзбекстан ұлттық энциклопедиясы — Ташкент, 2000—2005..
Сипаттамасы Аязкөл Сұлтан уәйіс жотасының етегіндегі шөлді аймақта, батыста Көкше шыңы (170 м) мен оңтүстік-шығыста Аязқала шыңы (169 м) аралығында орналасқан. Солтүстіктен оған Қызылқұм құмдары, оңтүстік-батыстан Пашайхақұмның шағын құмды алабы таяп келеді. Су жиегінің абсолютті биіктігі — 91 метр.
Көлдің тұрақты жағалық сызығы жоқ. Аязкөл ұзындығы 20-25 шақырым, ені 4 шақырым болатындай шығыс-батыс бағытта созылып жатыр. Көлдің батыс бөлігінде іс жүзінде бір-бірінен бөлінген бірнеше су кеңістігі бар. Аязкөлдің орташа тереңдігі 1,5-2 метр. Суы таза, минералдануы айтарлықтай жоғары (10-12‰). Тұздылығы күшті болғандықтан, көл мұз қабатымен жабылғандай көрінеді. Жағалауды, ішінара су айдынын қамыс басады.
Көл Қырыққыз арнасы арқылы құятын суарудан қайтарылған сумен қоректенеді. Опарылма су Аязкөлге оңтүстік-шығыстан құйылады.
Көлде балық аулау кәсібі жүргізіледі.
Дереккөздер
Санат:Қарақалпақстан көлдері