Ветарлар (ветар, веттер) — Амбон-Тимор халықтары тобына жататын Индонезияның шығысындағы Ветар аралында тұратын халық. 1998 жылғы есеп бойынша саны 3 мың адамды құрады.
Тілі Ветар тілінде сөйлейді. Негізгі диалектілері: илваки, эраи, т.б.
Діні Ветарлардың көпшілігі - реформаторлық протестанттар, дәстүрлі нанымдар сақталған.
Кәсібі Негізгі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (жүгері, тамыр жемістер, көкөністер) және балық аулау.
Дереккөздер
Санат:Индонезия этникалық топтары