Шығыс Померания шабуылы — Ұлы Отан соғысы барысындағы ірі шабуыл операцияларының бірі.
54 күнге созылған операцияның басты мақсаттары Шығыс Помераниядағы фашистік күштерді жою және Балтық жағалауын босату болды. Ұрыс әрекеттері ұзындығы 460 шақырымға созылған майданда өтті. нобай|солға|300px|Данцигке кірген кеңес әскерлері,1945 жылдың наурызы
Операция барысы 10 ақпанда 2-ші Беларус майданының күштері шабуылға шықты. Бес күннің ішінде олар 15-40 шақырымға алға жылжыды. Эльбинг, Швец, Шенау қалалары осы күндері азат етілді.
15 ақпанда кеңес әскерлері Хойнице қаласына кірді, бұл ірі көлік торабында 6 теміржол мен 8 шоссе тоғысқан еді. Жақын арада Тухоля, Оше, Черск қалалары да құлады. 19 ақпанға қарай Қызыл Армия 50-70 шақырым жерді артта қалдырды.
1-ші Беларус майданының күштері Дейч-Кроне, Пиритц, Бан қалалары маңында, яғни ұрыс алаңының оңтүстігінде, әскери әрекеттерін жүргізді.
26 ақпанда Бальденберг, Поллнов, Шлохау, Штегерс қалалары азат етілді.
Нәтижелері 1-ші мен 2-ші Беларус майдандары 54 қаланы және жүздеген кішігірім елді мекенді азат етті. 90 мыңнан астам неміс әскері өлді, 100 мыңға жуығы тұтқынға түсті. Кеңес әскерлері жаудың 850 танкісін, 430 ұшағын, 5500 зеңбірек пен минаатарын иеленді.
Фашистер Данциг пен Гдыняда орналасқан сүңгуір қайық шығаратын порттарынан және басқа да маңызды көлік тораптарынан айырылды. Поляктардың көптеген тарихи жерлері Польшаға оралды.
Санат:Екінші дүниежүзілік соғыс Санат:1945 жыл