Созықтабан – Бəйбіше жəне Бормойнақ жоталарының аралығындағы төбе.

Географиялық орны Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылының солтүстік-батысында 154 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 235 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 2,5 км-ге созылған, енді жері 1 км. Жер бедері жонды белесті, етегі тақырлы келген.

Өсімдігі Сортаңды сұр топырақ жамылғысында баялыш, жүзгін, сексеуіл, еркек шөп, күйреуік, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жалағаш ауданы таулары