Қарақойтас – Дағанделі өзенінің оң жағалауында орналасқан тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Томар ауылының оңтүстік-шығысында 41 км жерде.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 951 м.Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта шамамен 18 км-ге созылған, енді жері 6-7 км. Беткейі тіктеу, ұсақ шоқылардан тұрады. Етегіндегі жартастардың биіктігі 4-5 м. Сай-жыралармен тілімделген. Оңтүстік-батысынан Көкшетау таулары түйіседі.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында жусан, селеу, бетеге, боз өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары