Қоянды – Ақмола облысы Ерейментау ауданының шығысындағы тау.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 431 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 5 км-ге созылған, енді жері 3-3,5 км. Тіктеу беткейлері уақытша пайда болатын сулардың нәтижесінде ойлауытты келген. Оңтүстік беткейінің етегінде батпақталған телімдер кездеседі.
Геологиялық құрылымы Жоғарғы-орта протерозойдың тау жыныстарынан түзілген жер қыртысын қиыршықтасты коллювийлі және коллювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан.
Өсімдігі Құмсазды нашар дамыған қиыршықтасты қара қоңыр топырағында қараған аралас қылқан бозды-сұлыбасты шөптесіндер өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы таулары