right|thumb Мейірхан Қуанышбаев(21 қараша 1931 жыл, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 1998) - журналист, жазушы.

Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.

Жамбыл қаласындағы Абай атындағы педагогикалық училищені, 1957 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1973 жылы Мәскеудегі Жоғары партия мектебін бітіріп келіп, біраз жыл Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газеті редакторының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент облысаралық бөлімшесінің Жамбыл облысындағы әдеби кеңесшісі болған.

Тырнақалды әңгімесі 1956 жылы «Апа» деген атпен «Қазақстан әйелдері» журналында басылды. Шығармалары Жанар. Повесть. А., «Жазушы», 1966; Кек қылышы. Повесть. А., «Жазушы», 1970; Жалғыз жиде. Повесть. А., «Жалын», 1979; Тайталас. Повесть. А., «Жазушы», 1983; Жолайрық. Повестер. А., «Жазушы», 1989.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:21 қарашада туғандар Санат:1931 жылы туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Жамбыл облысы) туғандар Санат:1998 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан журналистері