Қызыладыр – Мыржық жотасының оңтүстігіндегі аласа тау.

Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей ауданы, Дегелең қонысының солтүстік-шығысында 52 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 774 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 12 км-ге созылған, енді жері 5 км. Беткейі көлбеу, тізбектелген шоқылардан тұрады. Оңтүстік баурайындағы бұлақтардан Сарыөзен өзенінің саласы бастау алады. Таудың түпкі жыныстары эрозиялық процестерге ұшыраған. Солтүстік-шығысында Тасқара, Шақпан, шығысында Арқалық, оңтүстік-шығысында Борлы, оңтүстік-батысында Айғыржал, батысында Сарышоқы, солтүстік-батысында Дос таулары орналасқан.

Өсімдігі Сортаң, қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында сұлыбас, боз, селеу аралас бұталы өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жаңасемей ауданы таулары