Салтанат Мадиярқызы (8 қаңтар 1996 жыл, Сарыағаш қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — қазақстандық поэзия ақыны.
Өмірбаяны Салтанат Мадиярқызы қазіргі Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында өмірге келген. Төлеби ауданында мектеп-интернатта оқыған. Кентау қаласында арнаулы кәсіптік колледжді, Шымкент қаласында Жібек жолы (SilkWay) халықаралық университетін бітірген. Мамандығы — Экономист. Еңбек жолын отандық өндіріс компанияларында мамандығы бойынша бухгалтерлік қызметтен бастаған. Баспаханаларда редактор-корректорлық қызметтер де атқарған.
Шығармашылығы Мектепте жоғарғы сыныптарда өлең жаза бастағанСалтанат Мадиярқызы: ШАХМАТ (патшалар ойыны).
Аудандық, облыстық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері. Өлеңдері республикалық, облыстық баспасөз беттерінде жарық көрген, "Жаңа ғасыр әуендері" атты жас ақындар антологиясына енген.
2021 жылы "Шахмат" атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрген.
Әділ Ботпанов атындағы әдеби сыйлықтың иегері.
Дереккөздер
Сілтемелер
Салтанат Мадиярқызы
Санат:Алфавит бойынша ақындар Санат:Қазақстан ақындары