thumb|right|250px|Матрица фильміндегі бір кескін Симуляция гипотезасы () — болмыс табиғатына қатысты біртүрлі көзқарас болып, ол барша болмыс атаулы жасанды симуляция (), мысалы, компьютерлік симуляция деп тұжырымдайды. Кейбір нұсқалар симуляциялы шындықтың технологиялық дамуын алға тартып, симуляцияның "шынайы" екеніне сендіргісі келеді. thumb|Заттың аса нәзік үлгісін молекула деңгейіне дейін симуляциялау Симуляция гипотезасы философия тарихындағы түрлі скептикалық сценарийлерге ұқсайды. Гипотезаны қазіргі түрінде Ник Бостром танымал етті. Мұндай гипотеза адамның барлық түйсіну тәжірибелеріне сай келеді деген ұстаным философиялық скептицизмнің маңызды эпистемологиялық нәтижесі. Бұл гипотезаның түрлі нұсқалары ғылыми фантастиканың да ерекшелігі, ол көптеген әңгімелер мен кинолардың маңызды сюжеттік элементіне айналған. Бостром ұсынған гипотеза даулы болып келеді, мысалы, теоретик-физик Сабина Хоссенфельдермен оны псевдоғылым деп атаса, космолог Джордж Ф.Р. Эллиспен: бұл гипотеза "техникалық тұрғыдан мүлде іске аспайды", бұл бейне "бас кейіпкердің ғылыми фантастиканы ғылыммен шатастырғанына ұқсайды. Түнгі сыраханадағы пікірталас өміршең теория бола алмайды," - деп мәлімдеген болатын. Симуляция гипотезасына негізделген ірі жорамал "Жер шары бір топ симуляциялаудың ең соңғысы болуы мүмкін" деген идея.
Гипотезаның қайнары "Шындық дегеніміз иллюзия" деген тезистің ұзақ философиялық және ғылыми тарихы бар. Бұл скептикалық гипотезаның тамырын антикалық дәуірден бастауға болады. Мысалы, Чжуан-цзының "Түсіндегі көбелек" метафорасында қытай философы Чжуан-цзы бірде түсінде көбелекке айналып кетеді. Ол оянған соң "тегі Чжуан-цзы көбелекке айналды ма, әлде көбелек Чжуан-цзыға айналды ма?" - деп таңырқайды.
Үндістанның Майя философиясында "заттар бізге бар болып көрінеді, бірақ олардың барлығы олардың көрінгенімен бір емес" деген иллюзия ережесі сипатталады.
Ал Ежелгі грек философиясында Анаксарх пен Монимус бар нәрселерді сахналық сызбаға ұқсатып, оларды ұйқыда, немесе жынданған кезде көрген әсерлер секілді деп есептеді.Sextus Empiricus Against the Logicians 1.88
Ацтектердің философиялық мәтіндері әлемді Теотль (Teotl) сызған сурет, немесе жазған кітап деп тұжырымдайды. Философиядағы Симуляция гипотезасы
Ник Бостромның алғышарты:
Ник Бостромның ойқорытындысы:
— Ник Бостром, Сіз компьютерлік симуляцияда жасап жатсыз ба?, 2003
Дереккөздер
Жалғасты оқу "Симуляцияда өмір сүріп жатырмыз ба?" BBC Focus magazine, March 2013, pages 43–45. Interview with physicist Silas Beane of the University of Bonn discussing a proposed test for simulated reality evidence. Three pages, three photos, including one of Beane and a computer-generated scene from the film The Matrix. Publisher: Immediate Media Company, Bristol, UK. "Біз матрикстеміз бе?" by Zeeya Merali, Discover (журнал), December 2013, pages 24–25. субтақырыбы: "Біздің алып компьютерлік симуляция бөлігі екенімізді анықтау үшін физикатер сынақтар ұсынды." Conitzer, Vincent. Арғы факттердегі жұмбақ. Open access version of article in Erkenntnis. Lev, Gid'on. Матрикстегі өмір. Haaretz Magazine, April 25, 2019, page 6. Tom Campbell, Houman Owhadi, Joe Sauvageau, David Watkinson: Симуляция теориясын тексеру. ArXiv 1703.00058. Virk, Rizwan. Симуляция гипотезасы: неге АІ, Квантты физика, шығыс мистикасы түгелдей біздің видео ойында екенімізді айтады - осы мәселе туралы MIT компьютер ғалымының көрсетері.
Сыртқы сілтемелер Симуляцияда өмір сүріп жатырмыз ба? Ник Бостромның Симуляция аргументі сайты. Планк деңгейіндегі симуляциялық ғаламды программалау техникалары Біздің ғалам алып нейрон желісі: өйткені