Максанс Лакруа (; 2000 жылы 6 сәуірде туған, Вильнев-Сен-Жорж, Франция) — француз футболшысы, "Кристал Пэлас" клубының қорғаушысы.

Мансап Клубтық Сошо француз клубының тәрбиеленушісі. 2017 жылдан 2019 жылға дейін Насьоналда (Францияның 5-ші дивизионы) клубтың резервтік командасында өнер көрсетті. Негізгі команда үшін дебютін 2018 жылы 8 желтоқсанда Франция Кубогында Илькирш-Граффенштаденге қарсы өткізді. 2019/20 маусымда чемпионатта 20 ойын ойнады.

2020 жылдың жазында немістің Вольфсбург клубына ауысты.

2024 жылы 30 тамызда Премьер-лиганың Кристал Пэлас клубы Лакруаны бес жылдық келісімшартпен өз қатарына қосты, осылайша ол бұрынғы Вольфсбург жаттықтырушысы Оливер Глазнермен қайта қауышты. Ол клуб сапындағы алғашқы голын 7 желтоқсанда Манчестер Ситиге қарсы 2:2 есебімен аяқталған ойында соқты. 2025 жылдың 17 мамырында өткен Англия кубогының финалында ол толық матчты өткізіп, клубтың Манчестер Ситиді 1:0 есебімен жеңіп, тарихындағы алғашқы ірі трофейді жеңіп алуына көмектесті.

Ұлттық құрамада 2017 жылдың мамыр айында Франция құрамасында 17 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатында өнер көрсетті. 2017 жылдың қазан айында әлем чемпионатына қатысты.

Жетістіктері

«Кристал Пэлас»

Англия кубогы: 2024/25

Дереккөздер

Сілтемелер Ойыншының профилі Transfermarkt Ойыншының профилі soccerbase.com Ойыншының профилі Soccerway footballdatabase.eu сайтындағы профилі ogol.com сайтындағы профилі

Санат:Франция футболшылары Санат:Гваделупа футболшылары Санат:Сошо ФК ойыншылары Санат:Вольфсбург ФК ойыншылары