Эдвард Патрик Фрэнсис «Эдди» Иган (, , Денвер, Колорадо, АҚШ — , Рай, Нью-Йорк, АҚШ) — америкалық спортшы, тарихтағы әртүрлі спорт түрлерінен жазғы және қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған тұңғыш спортшы (бокстан және бобслейден).
1920 жылы тамызда Антверпен Олимпиадасында бокстан 79,4 кг салмақ дәрежесінде финалда норвегиялық Сверре Сорсдальді ұтып, алтын медальді жеңіп алды. 1924 жылы Париж Олимпиадасында ол 79,4 келіден жоғары салмақтағы бірінші жекпе-жегінде Артур Клифтоннан ұпай санымен жеңіліп қалды.
8 жылдан кейін Эган Олимпиадаға қайта оралды, бұл жолы бобслейші ретінде. 1932 жылдың ақпанында Лейк-Плэсид Олимпиадасында 34 жастағы Эдди Эган американдық Билли Фискпен (бестікте 1928 жылғы Олимпиада чемпионы) екінші Олимпиада алтын медалін жеңіп алды. Осылайша, Эдди әртүрлі спорт түрлерінен жазғы және қысқы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен алғашқы спортшы болды. Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша боксшылар Санат:Алфавит бойынша бобслейшілер Санат:АҚШ боксшылары Санат:АҚШ бобслейшілері Санат:1920 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:1932 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:АҚШ-тың Олимпиада чемпиондары Санат:Бокстан Олимпиада чемпиондары Санат:Бобслейден Олимпиада чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары