Қарақұм – Іле өзенінің оң жағалауындағы құмды алқап.

Географиялық орны Жетісу облысы Панфилов ауданы жерінде. Қытаймен шекаралас орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 540 – 880 м. Оңтүстіктен солтүстікке 50 км-ге созылып жатыр. Ені 34 км-ге жетеді. Қарақұмның батысында Бурақожыр (Борохудзир), шығысында Қорғас өзендері, солтүстігінде Тоқсанбай жотасы, оңтүстігінде Іле өзені аңғары жатыр. Құм Үсек (Өсек), Бурақожыр, Қорғас және Іле өзендері алып келген аллювий жыныстарынан пайда болған. Төбелі, қырқалы құмдардың биіктігі 20 – 25 м-ге жетеді. Мұнда ақ сексеуіл, жүзгін, жыңғыл, етегінде тораңғы өседі. Шағын көлдер кездеседі.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:Жетісу облысы құмдары