Гари Макаллистер (; 25 желтоқсан 1964Гари Макаллистер) — шотландиялық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы, 2018 жылдан бері "Рейнджерс" клубының бапкерлер алқасында қызмет етеді.
Карьерасы
Клубтық Карерасын 1981 жылы туған қаласындағы "Мотеруэлл" клубында бастады. Клуб сапында бірнеше маусымды сәтті өткізді. 1980 жылдардың ортасында оған англиялық клубтардың көзі түсе бастады да, 1985 жылы Гари "Лестер Ситиді" таңдады.
1990 жылы "Лидс Юнайтед" футболшысы атанды. "Лидс" сапында да жақсы ойнады, сол себепті Ұлттық құрамаға да жиі шақырту ала бастады. 1992 жылы Англия чемпионы атанды. 1992-96 жылдары клуб капитаны ретінде ойнады.
1996 жылы "Ковентри Ситиге" ауысты.
2000 жылы 35 жастағы Макаллистер күтпеген жерде "Ливерпуль" клубына ауысты. Жасы кеп қалған футболшының бұл қадамын мерсиайдтық жанкүйерлер қолдай қоймады. Бірақ көп ұзамай Гари клубқа пайдалы ойыншыға айналды. Оның ұзақтан дәл тебетін соққылар, айып добын сәтті орындауы клубқа пайда әкелмей тұрмады, әсіресе 2001 жылы УЕФА кубогын ұтуына көп үлес қосты. Финалда "Алавеспен" болған кездесуде матчтың үздік ойыншысы атанды. "Ливерпульде" ойнаған екі маусымда көпшіліктің бойтұмарына айналып үлгерді.
2002 жылы "Ковентриге" қайтып оралып, бір маусымнан соң карьерасын аяқтады.
Халықаралық Ұлттық құрамаға тұңғыш рет 1990 жылы шақырту алды. 1990 жылғы әлем чемпионатына, 1992 жылы Еуропа чемпионатына қатысты. 1992 жылғы Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің соңғы турында ТМД қақпасына бір гол соқты, бұл ойында Шотландия 3:0 есебімен жеңіске жетті.
1996 жылғы Еуропа чемпионатына құрама капитаны ретінде қатысты.
Жетістіктері
Мотеруэлл
1 дивизион: 1985
Лидс Юнайтед
1 дивизион: 1992 Англия суперкубогы: 1992
Ливерпуль
Лига кубогы: 2001 Англия кубогы: 2001 УЕФА кубогы: 2001 Англия суперкубогы: 2001 УЕФА суперкубогы: 2001
Дереккөздер
Сілтемелер
Профилі Профилі Профилі мен статистикасы
Санат:Шотландия футболшылары Санат:Шотландия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Лестер Сити ФК ойыншылары Санат:Мотеруэлл ФК ойыншылары Санат:Лидс Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Ковентри Сити ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Шотландия футбол жаттықтырушылары Санат:Ковентри Сити ФК жаттықтырушылары Санат:Лидс Юнайтед ФК жаттықтырушылары