Эптон Билл Синклер-кіші (1878—1968) — XX ғасырдың 1-жартысында әйгілі болған америкалық жазушы, ол 100-ге тарта кітап жазды. Сондай-ақ әшкерелегіш журналистиканың майталман шебері болған. Американың социалистік партиясының белсенді мүшесі ретінде де танылды, кейін Демократиялық партияға ауысты.
1906 жылы оның «Джунгли» атты романы оқырманның назарын авторға аудартып, қоғамның өміріне ықпал етті. Тамақ өнеркәсібіндегі еңбекшілердің жағдайы мен санитарлық аһуалды суреттейтін бұл шығарма тіпті заңнамалық өзгерістерді енгізуге де әсерін тигізді.
Оның «Көмір патшасы» (1917), «Мұнай!» (1927), «Депрессия аралы» (1935), «Форд-Америка хикаяты» (1937) сияқты романдары АҚШ-тағы индустрияландыру заманының жалпы келбетін сипаттайды.
1940—1953-шы жылдары ол басты кейіпкері Лэнни Бадд есімді саясаткер туралы 11 романнан тұратын кітаптар топтамасын жазып шығарды. Оның үшінші кітабы үшін жазушыға Пулитцер сыйлығы табысталды.
Ұлы тоқырау жылдарында Эптон Синклер Калифорния штатының губернаторы сайлауына үш рет үміткер ретінде қатысты.
Шығармаларының экрандалуы Джунгли — 1914 жылғы дыбыссыз фильм The Wet Parade — 1932 жылғы фильм Гномобиль — 1967 жылғы фильм Мұнай — 2007 жылғы фильм
Дереккөздер
Санат:АҚШ жазушылары Санат:АҚШ саясаткерлері