Мэтью Дэвид Райан (; 8 сәуір 1992 жылМэттью Райан, Пламптон, Аустралия) — аустралиялық футболшы, Аустралия Ұлттық футбол құрамасы мен "Реал Сосьедад" клубының қақпашысы.

Карьерасы Мэттью - "Блэктаун Сити" және "Сентрал Кост Маринер" клубтарының түлегі. 2009/2010 жылғы маусымда ол жастар командасында ойнап, негізгі құрамға бірнеше рет шақырту алды. 2010 жылы ол теңізшілер клубымен толыққанды үш жылдық келісімшартқа отырды. Райан негізгі қақпашы Джесс Ванстраттан жарақат алған соң өз мүмкіндігіне ие болды. 28 тамызда Сиднейге қарсы матчта ол А-Лигасында тұңғыш рет алаңға шықты . Бұл кездесуде Мэтью өркескел қателік жіберді, бірақ кейін өзін жинап, абыроймен өнер көрсетті.

Үш жыл бойы Райан команданың көшбасшыларының біріне айналды және оның орнына келгендерге бірде-бір мүмкіндік бермеді. Ол А-Лигасының үздік жас футболшысы және қақпашысы, үздік футболшы атанды, сонымен қатар 12 ойында гол жібермеді болды. Райан "Сентрал Кост Маринерге" 2012/13 жылғы Австралия чемпионатында жеңіске жетуге көмектесті.

2012 жылдың ақпан айында Райан Австралия құрамасына Сауд Арабиясына қарсы матчқа шақырылды, бірақ резервте қалды. 5 желтоқсанда 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойынында Солтүстік Кореяға қарсы ойында Мэтью ұлттық құрамадағы тұңғыш ойынын өткізді.

2014 жылы Мэтью Бразилиядағы әлем чемпионатына қатысты. Турнирде ол Нидерланды , Чили және Испания құрамаларына қарсы матчтарда өнер көрсетті.

Жетістіктері

Командалық «Сентрал Кост Маринерс»

Аустралия чемпионы: 2012/13

«Брюгге»

Бельгия кубогы: 2014/15

Аустралия

Азия чемпионы: 2015

Жеке

Аустралия чемпионатының үздік жас ойыншысы (2): 2010/11, 2011/12 Аустралия чемпионатының үздік қақпашысы: 2011/12 Бельгияның үздік қақпашысы (2): 2013/14, 2014/15

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Аустралия футболшылары Санат:Аустралия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Реал Сосьедад ФК ойыншылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Брайтон энд Хоув Альбион ФК ойыншылары Санат:Генк ФК ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Брюгге ФК ойыншылары Санат:Сентрал Кост Маринерс ФК ойыншылары Санат:Футболдан Азия чемпиондары