Қуат — Индер көлінің оңтүстік-шығысындағы қыстау.

Атырау облысы, Индер ауданы, Кетебай ауылының оңтүстік-шығысында 21 км жерде орналасқан. Солтүстігінде Мықтыбай, оңтүстігінде Жарық, батысында Малайсары қыстаулары бар. Сортаң қоңыр топырақ жамылғысында қара жусан, көкпек, изен, еркек шөп, қияқ, т.б. өсімдіктер өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫ: «Қазақ энциклопедиясы» Алматы, 2011. 3-том ISBN 9965-893-64-0

Дереккөздер

Санат:Қыстаулар Санат:Атырау облысы қыстаулары