Тасастау — Доңызтау тауының оңтүстігіндегі құдық.
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Майкөмген ауылының оңтүстік-шығысында 167 км жерде орналасқан. Тереңдігі 7 м. су шығымы 1200 л/сағ. Теңіз деңгейінен 160 м биіктікте жатыр. Құдық бойында Ащыағар құрғақ арнасы өтеді. Солтүстік-шығысында Үйік төбесі, оңтүстік-батысында Қайнар құдығы мен Ащы бұлағы бар.Қазақстан табиғаты 5 -том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2013 ISBN 996978-601-7472-15-3
Дереккөздер
Санат:Қазақстан құдықтары Санат:Атырау облысы географиясы Санат:Жылыой ауданы географиясы