Құлақшынсай – Шу алабындағы өзен.

Географиялық орны Жамбыл облысы Шу ауданы жерімен ағады.

Бастауы Бастауын Дәрмен тауларының оңтүстік-шығысындағы Нарқызыл тауының бұлақтарынан алып, Далақайнар ауылынан төменде жерге сіңіп кетеді.

Гидрологиясы Ұзындығы 51 км, су жиналатын алабы 358 км2. Ірі салалары Еспе, Үшқызыл, т.б. Өзен арнасы Талапкер ауылына дейін жағалауы жарқабақты болып келсе, орта және төменгі ағыстары негізінен жазық болады. Жаздың ортасында ортаңғы және төменгі ағысында құрғап қалады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Шу ауданы өзендері Санат:Шу су алабы