Ескене — Атырау облысы, Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті.
Географиялық орны Аудан орталығы — Мақат кентінен оңтүстік-батысқа қарай 77 км жерде орналасқан.
Тарихы 2017 жылы елді мекенге ауыл статусы берілді.Атырау облысы Мақат ауданында Ескене ауылын құру туралы
Халқы Станса жанындағы елді мекенде 45 тұрғын үй бар. 1989 жылы елді мекенде 155 адам тұрған.1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том Тұрғындар саны - 183 адам (2004 ж.).
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 261 адамды (142 ер адам және 119 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Кәсібі Стансаға міндеттелген жолдың бойында 54 адам жұмыс жасайды. Олардың 21-і жол жөндеушілері, 6-ы байланысшы, 4-і электр монтерлері, 8-і қозғалыс қызметіндегілер, 2-і медицина қызметкерлері, 13-і әртүрлі мамандық иелері. Олардың негізгі міндеттері тапсырылған жол аралығында жүк және жолаушылар поездарының бос тоқталысына жол бермеу, қозғалыс қауіпсіздігін камтамасыз ету, тұрақты байланыс орнату, қызметкерлерге қалыпты жұмыс жағдайын туғызу болып табылады.Мақат ауданы: Шежіре.-Алматы: "Исламнұр" баспасы 2004. ISBN 9965-9628-0-4
Ескене темір жол стансасы Ескене. Жалпы көрінісі Ескене темір жол стансасы Ескене темір жол стансасы орта|200px| орта|250px| орта|230px| орта|250px| Дереккөздер
Санат:Мақат ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері