Серебряная – Қалба жотасының оңтүстік-шығысындағы тау.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Қарақол ауылының оңтүстік-шығысында 9 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1104 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-ге созылған, енді жері 4 км. Тіктеу беткейі өзен арналарымен, тау аңғарларымен тілімденген. Таудан Войлочевка өзеніне құятын бірнеше салалар бастау алады.

Өсімдігі Тауалдының шалғынды топырақ жамылғысында аласа тауға тəн далалық түрлі шөптесін өсімдіктер, жоғары бөлігінде қайың, қарағай аралас орман, терек, т.б. өседі. Алабы – шабындық, мал жайылымы.Энциклопедия, 7 том

Дереккөздер

Санат:Самар ауданы таулары