Володар ауданы () — Ресейдің Астрахан облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бірлік (аудан) және муниципалды құрылым (муниципалды аудан).

Әкімшілік орталығы — Володар ауылы.

Географиясы Володар ауданы Астрахан облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Ауданның жалпы ауданы — 3883 км². Еділ атырауының өзендері, жайылматармақтары, арналары аумақты көптеген үлкенді-кішілі аралдар мен аралшықтарға бөледі.

Географиялық тұрғыдан алғанда аудан Астрахан облысының Красноярск, Приволжск, Қамысөзек аудандарымен, Қазақстан Республикасымен шектеседі, оңтүстіктен Каспий теңізімен ұласады.

Аумағы — тармақтар және арналармен кесілген, 8 паромдық өткелмен қосылған және 366 аралда орналасқан тегіс жазықты құрайды.

Тарихы 1928 жылы Төменгі Еділ өлкесі Астрахан округінің құрамында Зеленгинск мен Марфин аудандары құрылды. 1930 жылы 30 шілдеде КСРО басқа округтары сияқты Астрахан округі жойылды. Оның аудандары Төменгі Еділ өлкесінің тікелей бағынысына берілді. 1931 жылы Марфин және Зеленгинск аудандары біріктіріліп, орталығы Володар ауылында болған бір ірілендірілген Володар ауданы айналды. 1934 жылдың 10 қаңтарынан бастап Володар ауданы Сталинград өлкесінің, 1936 жылдың 5 желтоқсанынан бастап — Сталинград облысының құрамында болды. 1937 жылы 16 шілдеде Астрахан округі Сталинград облысы құрамында қайта құрылып, оның құрамына Володар ауданы кірді.

1943 жылы 27 желтоқсанда Володар ауданы жаңадан құрылған Астрахан облысының құрамына енді. 1944 жылдың маусымында округтің аумағы қайтадан екі ауданға — Марфин және Зеленгинск болып бөлінді. 1963 жылы Марфин және Зеленгинск аудандары таратылды, ал 1965 жылы 12 қаңтарда РКФСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығына сәйкес Володар ауданы бұрынғы Марфин және Зеленгинск аудандарының шекарасында қалпына келтірілді.

Тұрғындары 1970 1979 1989 2002 2003 2004 2005 2006 2007 51 114↘47 734↘46 638↗47 351↗47 400↗47 700↘47 600→47 600↗47 700 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016↘47 600↗47 794↗47 825↗47 831↗47 968↗48 083↘48 071↗48 080↘47 594 2017 2018 2019 2020 2021↘47 494↘47 073↘46 634↘46 234↘45 974

Ұлттық құрамы 2010 жылғы Бүкілресейлік халық санағы бойынша: Ұлты Саны (адам) Пайыздық ара қатынасы қазақтар 32 546 68,05% орыстар 13 705 28,66% татарлар 737 1,54% басқалары 553 1,16% көрсетілмегендер 284 0,59% барлығы 47 825 100,00%

Әкімшілік бөлінісі thumb|right|300px|Володар ауданының ауылдық кеңестері Володар ауданы әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде 21 ауылдық кеңесті қамтиды.

Володар ауданы муниципалды аудан мәртебесі бар муниципалды құрылым ретінде ауылдық қоныс мәртебесі бар 21 муниципалды құрылымды қамтиды:

2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астрахан облысының 2004 жылғы 6 тамыздағы № 43/2004-ОЗ Заңына сәйкес ауданда 21 муниципалитет құрылды: 1 қалалық елді мекен (Володар ауылы) және 20 ауылдық қоныс.

Астрахан облысының 2006 жылғы 26 маусымдағы № 28/2006-ОЗ Заңына сәйкес, Володар ауылы ауылдық елді мекенге жатқызылды, «Володар ауылы» муниципалды құрылымына ауылдық қоныс мәртебесі берілді.

Елді мекендер Володар ауданында 74 елді мекен бар.

Экономикасы 01.12.2006 ж. Володар ауданы аумағында әр түрлі меншік нысанындағы 60-тан астам ірі және орта кәсіпорындар, 607 кәсіпкерлер болды. Ауданда балық аулау мен балық өңдеу, көкөніс өсіру, тоған шаруашылығы, мал шаруашылығы дамыған, туризм сияқты қызмет көрсету саласы белсенді түрде дамып келеді. Меншікті өндірістің, орындалған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі (балық аулауды қосқанда), 2008 жылы 1010,519 млн рубль оның ішінде: өндіріс 737,254.

Көрікті жерлері Аудан аумағында лотос алқаптары, Құрманғазы кесенесі, Астрахан мемлекеттік қорығының Обжоровский телімі, 10 табиғи ескерткіш, оның ішінде: 3 - уылдырық шашатын жер, 7 ботаникалық ескерткіштер бар.

Әйгілі тумалары және аудан тұрғындары Айталы Амангелді Әбдірахманұлы (1939 туғ.) — қоғам қайраткері, профессор, философия ғылымдарының докторы. Бердіғалиева Роза Аманғалиқызы (1945—2015) — Қазақстан кітапханалар қауымдастығының президенті. Дәкенов Заһир Мүдәрісұлы (1962—1995) — ақын әрі жазушы. Ермұратов Хайдар Дисемәлиұлы (1893—1976) — жазушы, саясаткер, Астрахан облысында Кеңес өкіметін орнатуға қатысушы, аймақтағы бірнеше қазақ ауылындағы алғашқы мектептердің негізін қалаушы. Кашин Николай Васильевич (1924 — 1996) — Даңқ орденінің үш дәрежесінің иегері Күлтелеев Тайыр Молдағалиұлы (1911—1953) — қазақтан шыққан тұңғыш ғалым-заңгер. Қамалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлы (1965 туғ.) — Қазақстан әскери қолбасшысы, генерал-лейтенант. Құрманғазы Сағырбайұлы (1818—1889) — халық музыканты, композитор, домбырашы, күйлердің авторы. Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы (1937 туғ.) — кеңестік және қазақстандық химик. Сарай Әнес Төлендіұлы (1937-2021) — қазақ жазушысы, драматург, журналист. Сызранов Дмитрий Михайлович (1900—1974) — Кеңес әскери қолбасшысы, генерал-майор. Кудрино ауылында туған. Өтежанов Мәжіліс Мұхамеджанұлы (1935—1998) — ақын, журналист, тіл белсендісі, «Ақ арна» газетінің бірінші редакторы.

Дереккөздер

Санат:Астрахан облысы Володар ауданы