Uhuru (суахилиден «бостандық» дегенді білдіреді) — рентгендік диапазонда істеген алғашқы ғарыш телескобы.

Басқаша атаулары — X-ray Explorer Satellite, Explorer 42, SAS-A (Small Astronomical Satellite-A).

Аппарат 1970 жылдың 12 желтоқсанында Кения жағалауындағы Сан-Марко тұғырлығынан ұшырылды.

Орбитаның биіктігі 520—560 шақырым, Жерді айналу периоды 96 минутқа жуық болған.

Аппаратпен соңғы байланыс сеансы 1973 жылдың наурызында болды. 1979 жылдың сәуірінде ол орбитадан түсірілді.

Нәтижелері Uhuru көмегімен астрономиядағы келесідей ғылыми жаңалықтар аян болды: Рентгендік пульсарлардың ашылуыDiscovery of Periodic X-Ray Pulsations in Centaurus X-3 from UHURU; Галактикалық шоғырлардың рентгендік сәулеленуін ашуA Strong X-Ray Source in the Coma Cluster Observed by UHURU; Cygnus X-1 нысанын алғашқы дәлелденген қара құрдым деп тануX-Ray Pulsations from Cygnus X-1 Observed from UHURU; Бірінші рет аспанның рентгендік картасы жасалды, арнайы каталогқа 339 нысан енгізілдіThe fourth Uhuru catalog of X-ray sources. Дереккөздер

Сілтемелер SAS-A (Explorer 42) Uhuru НАСА сайтында

Санат:Explorer бағдарламасы Санат:Ғарыш телескоптары