Тілеуов Асхат Халелұлы (1950 ж.т., Қостанай қ.) – техника ғылымының докторы (1996), профессор (1997). ҚР Жаратылыстану ғыллым академиясының корреспондент мүшесі. Целиноград ауыл шаруашылық институтын (1974, қазіргі Астана агротехнологиялық университеті ) бітірген. Осы оқу орнында ассистент (1974–77), Ауыл шаруашылығын электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының аспиранты (1977–80), 1980 жылдан қазіргі Еуразия ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, қазіргі кезде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. 80-нен астам ғылыми жарияланым мен 3 монографияның авторы. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы Дереккөздер
Санат:Тұлғалар