Шөл дауысы () — Дағыстанда шығатын ноғай тіліндегі қоғамдық-саяси газет. Газетте Дағыстанда болып жатқан қоғамдық-саяси оқиғалар, сондай-ақ ноғайлардың тарихы мен мәдениеті туралы ақпараттар жарияланады. Газет аптасына бір рет 8 беттен шығады.
1931 жылы «Қызыл байрақ» («Кызыл байрак») деген атпен құрылған. Ол бастапқыда латын әліпбиінде, ал 1938 жылдан кириллицада басылды. 1966 жылы «Дала шамшырағы» («Шоьллик маягы») деп аталды, ал 1991 жылдан бастап газет қазіргі атауын алды.
1931 жылы 10 қарашада Қараноғай ауданының Тереклі Мектеп аудан орталығында, БКП (б) мен ДАКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының шешімімен «Қызыл байрақ» газетінің ноғай тілінде басылуы ұйымдастырылды. Алғашқы ұлттық баспасөзге жергілікті жерлерде кеңес өкіметін нығайту, бұқара арасында коммунистік идеологияны, елдегі социалистік құрылысты насихаттау, ұжымдық шаруашылықты ұйымдастыру және сауатсыздықты жою міндеттері жүктелді.
Алғашқы жылдары газет шығару жауапкершілігі Қараноғай РК БКП(б) жұмысшылары Б. Заров пен Назаровқа жүктелді. 1934 жылы 15 қарашада аудандық партия комитетінің нұсқаушысы Әбдул-Мәжит Әжібаев газеттің бірінші редакторы болып тағайындалды.
Әртүрлі жылдар ішінде газетті көрнекті кеңес және партия қызметкерлері, қалам қайраткерлері К.Муллаев, Д.Курмиев, Әбледий Әлимов, Б.Әжігелдиев, М.Отаров, О.Мырзалиев, К.Кокоев, К.Оразбаев, А.Юсупов, Әли Әлимов, С.Рахмедов, К.Юмартов, Д.Адисов, М.Авезов басқарды.
1966 жылы газет «Шөлдік шамшырағы» («Шоьллик маягы») болып өзгертілді. Ал 1991 жылы «Шөл дауысы» («Шол тавысы») деген жаңа атпен шыға бастады. 1996 жылдан бастап газетке ресми түрде республикалық мәртебе берілді. Оның құрылтайшылары ДР Халық Ассамблеясы мен ДР Үкіметі болды. 2015 жылдан бастап құрылтайшы — ДР Үкіметі болып келеді.
1993 жылдан бастап газетті Дағыстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Ресей Федерациясы Журналистер одағының мүшесі Магомет Жанмырзаұлы Қожаев басқарды.
2015 жылдың маусымынан бастап газеттің бас редакторы — Қожаева Елмира Жүнісқызы.
Тағы қараңыз Ноғай дауысы — Қарашай-Шеркес Республикасында шығарылатын ноғай тілді газет.
Сілтеме Ресми сайты — https://golosstepi.ru Инстаграм — https://www.instagram.com/golosstepi_ Фейсбук — https://www.facebook.com/groups/1502650386702132 ВКонтакте — https://vk.com/gstepi
Санат:Ноғай тілді газеттер Санат:Дағыстан газеттері