Географиялық орны Құрғақшолақ, Майжеген, Ақтасты – Жамбыл облысының Шу, Алматы облысының Балқаш аудандарындағы өзен. Ұзындығы 83 км, су жиналатын алабы 457 км².
Бастауы Құрғақшолақ Шу-Іле жотасындағы Айтау бұлақтарынан басталып, Серәлі бейітінен солтүстікке қарай 7 км жерде тартылып қалады.
Гидрологиясы Қар, жаңбыр, жер асты суымен толығады. Арнасында көктемде ғана ағын болады. Алабы мал жайылымы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том
Дереккөздер
Санат:Балқаш ауданы өзендері Санат:Шу ауданы өзендері