Сарысу көлі () — Әзірбайжандағы ең үлкен көл Имишлин және Сабирабад аудандарында орналасқан.https://wikimapia.org/15328997/ru/%D0%9E%D0%B7%D0%B5%D1%80%D0%BE-%D0%A1%D0%B0%D1%80%D1%8B%D1%81%D1%83 Озеро Сарысу
Сипаттама Сарысу көлі Әзірбайжандағы көлемі бойынша екінші ірі су алабы болып табылады. Ол далалық беткейдің 66 шаршы шақырымын алып жатыр, ұзындығы 12 шақырымға созылған, ені 2 шақырымнан асады.https://zen.yandex.ru/media/gotonature/ozera-azerbaidjana-5d9b3403ec575b00b0155160 Озера Азербайджана Сарысу көлі Кура-Аракс ойпатында, Кура өзенінің оң жағалауында орналасқандықтан Кура мен Аракс өзендерінің шөгінділері Сарысу көлімен шектесетін жағалау көтерілістерін құрған. Сарысу көлінің шығыстан Кура өзеніне ағысы Мурадбейлі ауылының маңында салынған гидрологиялық құрылыммен реттеледі. 2010 жылы Кура өзенінің тасуымен бірге Кура суы көлге еніп, судың тұщылануына және көл аумағының кеңеюіне себеп болды. Сарысу көлі тұщы су болып табылады, жауын-шашыннан қоректенеді және Аггол көлінен ағатын өзеннен де қоректенеді. Көл тас жолдың солтүстігіндегі тұрғын аудандардан бөлінген. Көл Аггол ұлттық паркінің аумағында орналасқан. Мұнда орналасқан суда жүзетін құстардың сулы-батпақты жерлері Рамсар конвенциясының тізіміне енгізілген және әлемдік маңызы бар табиғи қорық болып саналады.https://musavat.com/ru/mobile/news/krasoty-ozer-azerbajdzhana-foto_514178.html Красоты озер Азербайджана Сарысу көлі жағалауы негізінен сулы-батпақты жерлер мен батпақтардан тұрады. Көлдегі судың шамамен көлемі 60 млн м3 құрайды. Су көлемінің ұлғаюы негізінен көктем мен күзде байқалады. Қыс мезгілінде ол орташа есеппен 11 күн бойы қатып қалады. Көлде минералдану жоғары. https://everything.kz/article/53111908-sarysu-krupneisee-ozero-azerbaidzana-imislinskii-raion Сарысу - крупнейшее озеро Азербайджана. Имишлинский район.
Фаунасы Сарысу көлі республиканың негізгі балық шаруашылығы су қоймаларының бірі болып табылады. Сарысу көлі жағалауында қыста 350 мыңға дейін қоныс аударатын құстар мекендейді. Сонымен қатар, көл балықтарға бай және балық аулауға пайдаланылады. Балықтардан каспий тілтісі, шортан, қаракөз, құсбас, ақ амур, оңғақ, табан балық, қылыш балық, сазан, жайын, көксерке т.б.кездеседі.https://articlekz.com/article/8847 Гидрофауна озера Сарысу
Дереккөздер
Санат:Әзербайжан көлдері