Тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен құрылымдардың гигиенасы – адам денсаулығына тұрғын үй және құрылымдар жағдайларында қолайсыз факторлардың әсерін гигиеналық бағалау және бақылауды ғылыми негіздейтін коммуналдық гигиена бағыты.
Орта факторларын нормалаудың гигиеналық негіздері Адам денсаулығына бөлме ауасының физикалық және химиялық көрсеткіші, жарыққа байланысты бөлмелердің бағытталуы, олардың көлемі және ауданы, табиғи және жасанды жарықтандыру деңгейі және басқа да параметрлер әсер етеді. Адам апталық уақыттың 60 пайызын және жұмыстан тыс уақыттың 80-86 пайызын үйде өткізеді. Сондықтан тұрғын үй гигиенасы денсаулық сақтаудың едәуір маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Гигиеналық нормалау принциптеріне негізделген тұрғын үйлерді жоспарлау және көркейту сұрақтарының маңызы ерекше.
Микроклиматты нормалаудың гигиеналық негіздері Тұрғын үйдің ықшам климаты үш негізгі компоненттерден құралады: температура, ылғалдылық және ауа қозғалысы. Гигиеналық жағынан микроклиматтың едәуір маңызды элементіне ауа температурасы жатады. Адам организмі ішкі жылу көзінің термостатикалық жүйесі, ал киім организмнің қоршаған орта арасындағы тосқауыл болып табылады. Ішкі температураны сақтауда зат алмасу кезінде бөлінетін энергия қолданылады. Дененің тұрақты температурасын сақтау – адам өміріне ең қажетті жағдай, сондықтан оның жылу балансы жылудың келуі және шығуының арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету қажет. Жылудың келуі химиялық термореттелумен (зат алмасу), шығыуы физикалық термореттелумен қамтамасыз етіледі.
Адам организмі, бұл ішкі ортаның тұрақтылығын сақтау үшін түзілген жылудың қоршаған ортаға берілетін жылуға сәйкестілігі есебінен болатын өзін-өзі реттеу жүйесі болып табылады. Термореттелу тетіктері тері терморецепторларының және термореттелудің ми орталықтарының тітіркенуі кезінде, қоршаған ортаның әсер етуі және қан температурасының өзгеруі есебінен түзіледі. Суықтың әсерінен тері тамырлары тарылады, жылу берілу 20-30 пайызға төмендейді, бұлшық ет белсенділігінің жоғарылауын тудырады, діріл пайда болады және жылу түзілу 4-5 есеге жоғарылайды.
Жылу реттеу жүйесі жылулық тепе-теңдігін қамтамасыз етеді, бірақ оның мүмкіндігі шектеулі. Бейтарап шегіне кірмейтін кез келген температура әсер еткенде жылуды реттелу тетіктеріне күш түседі және адамның әрекет жағдайын өзгертеді. Жылуды реттеуге сәл күш түсуі қолайлы жылу деп аталады. Бұл жағдай адамның жұмыс қабілетін және оның денсаулығын қамтамасыз етеді. Сондықтан тұрғын және қоғамдық ғимараттардың микроклиматын нормалау ғылыми негіздеуді талап етеді.
Жылу реттелу жүйесінің толық тыныштықта болуы ұйқыны шақыратын тежелудің дамуына алып келеді, бұл әсіресе ой жұмыстары кезінде байқалады. Жылу реттелу жүйесіне шамалы күш түсуі физиологтар мен гигиенистер оң көрініс ретінде бағалайды. Организмді сауықтыру жүйесі осыған негізделген. 2 жасқа дейінгі балалар әсіресе төменгі температураға сезімтал келеді, яғни оларда жылу реттелу жүйесінің қалыптасу үрдісі аяқталмаған. Ауа температурасының 2оС төмендеуі балаларда респираторлы аурулармен аурушаңдығын жоғарылатады. Едәуір жоғары жастағы балаларда мұндай температура жылу реттелу механизмдерінің іске қосылуы үшін тітіркендіруге жеткілікті болып табылады. Ересек адамдар үшін организмнің жылу жағдайының бірнеше жіктелуі бар, ол жылу реттелу жүйесіне күш түсу деңгейіне негізделген.
+ Организмнің жылу жағдайының 9 градациясы бөлетін жіктеуі Ауа райы түрі (жылы,суық) Термореттелу күші Терінің орташа температурасы (оС) Терлеу г/с Әсері 4ж Өте жоғары 34 >750 Өте ыстық 3ж Жоғары 34 750-400 Ыстық 2ж Орташа 34 400-250 Өте жылы 1ж Әлсіз 33-34 250-150 Жылы Қалыпты Жоқ 31-33 100-0 Жайлы 1с Әлсіз 30,9-29 0 Салқын 2с Орташа 28,9-29 0 Суық 3с Жоғары 25,9-27 0 Өте суық 4с Өте жоғары <23 0 Шамадан тыс суық Балалар үшін анологиялық жіктелу күш түсудің жеті деңгейіне құрастырылған. Жылу жағдайын бағалау критерий (тері температурасы, тамыр реакциялары, ылғалды жоғалту, жылу сезгіштік) тұрғын және қоғамдық ғимараттардағы микроклимат нормативтерін негіздеуді қалыптастырады.
Жылыту жүйесі Бөлменің микроклиматын қалыптастыруда инженерлік қондырғылардың маңызы өте зор. Орталықтандырған жылыту жүйесі техникалық параметрлері бойынша (жылу берілу тәсілі) конвекциялық және сәулелік деп бөлінеді, бірақ бұл шартты түрде ғана, себебі сәулелік немесе конвекциялық жылу берілу жолдары туралы ғана айтылуы мүмкін. Сәулелік жүйеге қоршаушы құрылымдардың ішінде орналастырылған (ауа, су, электрлік панель) құбырлар арқылы жылу тасымалдаушы айналып тұратын барлық жылыту түрлері жатады. Конвекциялық жүйеге радиаторлар мен конвекторлар жатады. Іс жүзінде кез келген жылыту жүйесі, сондай-ақ кез келген қыздыру беткейі жылуды сәулелену және конвекция жолымен береді. Бүгінгі күні тұрғын және қоғамдық ғимараттар үшін төменгі қысымдағы орталықтандырылған сумен жылыту ең қолайлы болып табылады. thumb|right|350px|Тұрғын ғимаратты орталықтан сумен жылыту схемасы: 1 – су тұратын ыдыс; 2 – таратушы бак; 3 – ыстық суды беретін құбыр; 4 – суыған суды алып кететін құбыр. Егер жылытушы аспаптар жабық тұратын болса, онда жылу берілу сәулелену арқылы бірден төмендейді. Конвекция қарқындылығы жылыту аспабының орналасу биіктігіне байланысты. Оның төменгі бөлігі суық ауамен алмасады және секция аралығында қыздырылған ауа айналып жүретін жоғарғы бөлігіне қарағанда көбірек жылу береді. Сондықтан радиатор неғұрлым төмен болғанда, соғұрлым оның жылу өткізгіштігі жоғары болады. Төмен орналасқан қабырғалық құбырлар едәуір тиімді.
Бөлменің барлық беткейлерін 3 топқа бөлуге болады: мұздататын (сыртқы қоршаушы қабырға және терезе), қыздыратын (жылыту аспаптары) және бейтарап (ішкі қабырғалар және жабындылар). Гигиеналық тұрғыда жылыту аспаптарының критерийі – олардың беткейінің максималды рұқсат етілген температурасы болып табылады.
Желдету Бөлмелердегі табиғи ауа алмасуы үш фактор есебінен жүреді: газдардың диффузиясы, температуралық қысым, жел қысымы. Газдардың диффузиясының екі түрлі газдар жанасқанда маңызы бар. Тұрғын ғимараттар жағдайында сыртқы және ішкі газдардың құрамының айырмашылығының өте аздығына байланысты бұл фактордың маңызы аз, сондай-ақ газдардың жанасуы тек терезе ашық жағдайында ғана болады. Температуралық қысым ауа температурасының айырмашылығына байланысты жүреді. Кез-келген газдың салмағы температура төмендеген сайын артады және артқан сайын төмендейді. Сондықтан сыртқы және ішкі ауаның температурасының айырмасы көп болған сайын, ауа алмасуы да қарқынды жүреді. Бөлме және қоршаған атмосфера ауасы желдеткіш, фрамуга және құрылыс конструкцияларындағы саңлаулар арқылы алмасады. Бұлармен салыстырғанда құрылыс материалдарының ауа өткізгіштігі өте төмен, сондықтан іс жүзінде маңызы жоқ.
Ауыр суық ауа қоршаушы конструкциялардың төменгі бөлігіне қысым көрсетеді. Бұл жағдайда бөлме ішінің төменгі бөлігінде сыртқа қарағанда қысым төмен болады. Суық ауа бөлменің төменгі бөлігіне еніп, төменгі жақтағы ыстық ауаны жоғары көтереді де, жоғарғы жақта қысымды көтеріп саңлаулар арқылы қысылып шығады. Осылай бөлменің төменгі бөлігіне сырттан қысым әсер етіп суық ауа енеді, ал жоғарғы бөлігіне іштегі қысым әсер етіп ішкі ауаны сыртқа шығару арқылы үнемі ауа алмасу жүріп отырады. Бөлме ішінде теріс қысымнан оң қысымға алмасу біртіндеп жүреді және қабырға биіктігінің ортасында бөлме сыртында және ішінде де қысым бірдей болады. Бұл бейтарап аймақ болып табылады және сыртқы қабырғада саңлау жасайтын болса ол ауа алмасуына тіпті де әсер етпейді. Егер саңлауды жоғарғы жақта жасайтын болса, онда ішкі ауа сыртқа қарқынды шыға отырып осы аймақта қысымды төмендетеді, ал төменгі жаққа суық ауа көптеп түседі де бейтарап аймақ жоғары көтеріледі. Егер саңлау төменгі жақта болатын болса, сыртқы суық ауа ағыны бөлменің жоғарғы жағында қысымды көтереді де, бейтарап аймақ төмендейді. Егер саңлауды диагонал бойынша төменгі және жоғарғы жақта да жасайтын болса ауа алмасуы шектен тыс қарқынды жүреді, ол континентальды климаттық аудандар үшін қолайсыз.
Азаматтық құрылыс жүйесінде ішкі қабырғаларда желдету каналдар бөлме температурасын сақтап тұру үшін орналастырылады. Бұл жағдайда канал саңлауы бөлме ауданынан неғұрлым жоғары болған сайын ауа алмасуы соғұрлым қарқынды жүреді. Бірақ көп қабатты ғимараттарда мұндай қарқынды желдетудің өз ерекшеліктері бар: каналы қысқа жоғарғы қабаттарда қысым деңгейі төмен болады да ауа алмасуы төмендейді. Сондықтан тексеру кезінде жоғарғы қабаттарға көп көңіл бөлу қажет. Бұл ауа қысымының таралуы мен бейтарап аймақтар тек бір қабатты ғимараттарға тән. Көп қабатты үйлерде бұл жағдай, егер қабаттар бір-бірімен байланыспайтын жағдайда ғана маңызы болады. Бұл жағдайда, көп қабатты ғимараттардағы қысымның таралуы тек баспалдақтық торға ғана тән: төменде – қысымның әлсіреуі, жоғарыда – күшеюі. Сондықтан төменгі пәтерлерге ауа есіктің саңылаулары арқылы түседі де, жоғарғы пәтерлерге керісінше баспалдақтық торға пәтерден келіп түседі. Бірінші жағдайда бейтарап аймақ жоғарыға көтеріледі де, ал екінші жағдайда төмен түседі. Тек баспалдақтық торда және орта қабаттарда ғана бейтарап аймақ орта деңгейде болады. Осыдан келе, төменгі қабаттарда ауаның сырттан келіп түсуі артық болады да бөлменің тез сууына алып келеді, жоғарғы қабаттарда ішкі ауаның жинақталуына байланысты ауа алмасуы нашарлайды. Мұндай кемшіліктер ғимараттарда алып келіп сорып шығаратын вентиляцияны орналастыру арқылы, яғни атмосфералық ауа еріксіз алынып, тазартылып және жылытылған соң бөлмеге берілуі арқылы жойылады. thumb|right|350px|Алып келіп сорып шығатын вентиляция схемасы: 1 – ауаны алу; 2 – ауа каналы; 3 – калорифер; 4 – ауаны бөлмелерге беру; 5 – сору каналдары; 6 – вентиляциялык шахта; 7 – дефлектор; 8 – сүзгі. Табиғи ауа алмасуының күшті факторының бірі, жел жылдамдығына тәуелді жел қысымы болып табылады. Жел қысымы сыртқы ауаның ғимараттың жел жағынан саңлаулар, терезелер, терезе желдеткіштері және фрамугалар арқылы енуін күшейтеді. Ал ық жағында керісінше бөлмеден ішкі ауаның шығуына ықпал етеді. Ең тиімдісі бөлме ауасын 5-10 минут ішінде толық алмастыратын екі жақты желдету болып табылады. Жел қысымының негізінен жаз уақытында маңызы бар. Жылдың суық уақытында желдің қарқынды қысымы бөлменің сууына алып келуі мүмкін, сондықтан бұл жағдайды құрылысты жоспарлағанда ескеру қажет. Желі қатты солтүстік аудандарда тұрғын ғимараттарды жел басым соғатын жаққа бүйір қабырғасымен бағытталып орналастырады. Сондай-ақ топтық құрылыс жүйесі қолданылады.
Пәтерлердің тұрғын бөлмелеріндегі табиғи қоздырғышы бар алып шығатын желдету құрылымы ас үйдегі, дәретханадағы және кептіру шкафтарындағы алып шығатын крандар арқылы жүреді. Ағып келетін ауаның компенсациясы сыртқы ауа және пәтердің басқа бөлмелерінің келетін ауа есебінен жүреді. Бір пәтердің желдету каналын жалпы жинағыш желдету каналына біріктіруте рұқсат беріледі. Лас ауаны шығару үйдің әрбір секциясындағы вентиляциялық шахта арқылы іске асырылады, шахта биіктігі соңғы қабаттың жабындысынан 4,5 метрден кем болмау керек.
5 қабаттан жоғары үйлерде бір мақсаттағы бөлмелердің каналын бір жүйеге екі қабат сайын біріктіріп қосуға болады. Сондықтан желдету шахталарының copy күшін жоғарылату үшін, желдің кез-келген бағытында қолданылатын қалқан дефлектор қондырылады. Сондайақ көп қабатты ғимараттардың жоғарғы қабаттағы пәтерлерінде ауа сапасының ластануы төменгі қабаттардағы ауаның толық түспеуіне байланысты. Бұл табиғи желдетудің каналды жүйесінің мүмкіндіктерінің шектеулі екендігін көрсетеді.
1 адамға шаққанда қалыпты жағдайдағы тұрғын аудан 9 м2, ауаны алып кету мөлшері 27 м3/сағ-тан кем болмауы керек. 1 сағаттағы бір адам үшін қажетті ауа көлемінің мөлшері ауа кубы деп аталады. Бірақ жалпы және коммуналды гигиена жұмыстары 1 адам үшін оптималды ауа алмасу сағатына 120 м3 кем болмауы және қалыпты ауданы 17 м2 болуы керек деп дәлелдеген. Осындай ауданда табиғи желдету есебінен ауа алмасу мүмкіндігі жоғары болады.