Езеро — Марстағы Үлкен Сырт аймағына жақын орналасқан кратер.
Кратердің бұл атауын Халықаралық астрономиялық одақ 2007 жылы бекіткен. Кейбір славян тілдерінде «Jезеро» сөзі көл дегенді білдіреді. Қазіргі пайымдаулар бойынша, көне кезеңде бұл кратерде су жиналып, көл болған екен.NASA Mars Mission Connects With Bosnian Town (23 қыркүйек 2019)
2018 жылдың қарашасында Езеро кратері Perseverance роверінің қону аймағы ретінде таңдалған болатын.
2021 жылдың ақпанында ровер Марстағы кратерге сәтті қонып, зерттеу жұмыстарын бастады.
thumb|center|800px|Perseverance түсірген панорамалық сурет
Дереккөздер
Санат:Марс кратерлері